Ақмола облысында 10 жастағы бала найзағай түсіп, қаза тапты

Фото: pixabay.com
Ақмола облысында 10 жастағы бала найзағай түсіп, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 20 тамыз күні Біржан сал ауданының Үлгі ауылында болған.
Полицияның мәліметінше, найзағай түсіп, салдарынан 2015 жылы туған бала қаза тауып, 2010 жылы туған тағы бір ұл бала жарақат алған.
"Бұл факті бойынша Біржан сал ауданының полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір толық ақпарат жиналып, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті