Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шаханов өкпесі қабынып, ауруханаға түсті

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өкпесі қабынып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мухтар

Бұл туралы ақынның әріптесі Құдияр Біләл өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мұхтар Шаханов ағам да екі өкпесі қабынып, "Қалқаманда" жатыр. Бүгін шамалы бері қарады. Дұғада болыңыздар!" - дейді Құдияр Біләл.

Өз кезегінде желі қолданушылары "Ағамызға Алла қуат берсін! Шипасын берсін! Тезірек жазылып кетуіне дұға етеміз!", "Мұхаңа бір Алла жар болсын!" - деп ыстық лебіздерін білдірді. 

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында туған. 
 

Талқылау