"Әкімдікті күтіп шаршадық": Өскемен тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған
Видеодан скрин
Өскемен тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар өздері салған көпірге “Алашорда” деген атау берген. Көпір салу туралы бастаманы ауған соғысының аударгері Қыдырғазы Баймұратов көтеріпті.
Тұрғындар бірнеше жылдан бері әкімдіктен 20-шағын ауданға көпір салуды сұрап келген екен. Алайда әкімдік “жоба тым қымбат” деп бас тартқан.
Өскеменде екі жыл бұрын 600 миллион теңгеге жөндеуден өткен көпір опырылып түсті
Жаңа көпір тұрғындардың бұған дейін бес шақырым айналып жүріп келген жолын қысқартып, уақыт пен қаржы үнемдеуге мүмкіндік берген.
Көпірді салуға әр отбасы 40 мың теңгеден жинаған. Құрылысты да жергілікті тұрғындар жасаған.
Тұрғындар алғашқы көпірді бір жыл бұрын салған көрінеді. Алайда ауыр жүк көліктері өткендіктен, көпірде жарық пайда бола бастаған. Биыл тұрғындар көпір құрылымын күшейту үшін қайтадан ақша жинап, материал сатып алып, ежелгі әдет бойынша “Асар” жасап көпірді нығайтқан.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары өз күштерімен көпір салып алғаны туралы жазған едік.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады