Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік Қарағандыда “Ninety One” тобының концертінің өтпей қалуының себебін түсіндірді

Атышулы "Ninety One" тобы концертінің ұйымдастырушылары Қарағандыдағы циркті жалға алу ақысын төлемеген. Ұйымдастырушылар келісімдегі міндеттерді орындамағандықтан да концерт кейінге қалдырылған.

найнт Бұл туралы Қарағанды облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы хабарлаған. Цирк әкімшілігі соңғы сәтке дейін жалға беру ақысын күткен. Ұйымдастырушылар ақша алып келмегендіктен, концерт өтпей қалды. «Қарағанды билігі концерттің өтуіне тосқауыл болған жоқ. Бәрі ұйымдастырушылардың кесірінен болған. 18 қазан күні сағат 19:00 қазақстандық Ninety One тобының концерті ұйымдастырушылардың жалға алу келісіміне қол қоймағандықтан өтпей қалды. Қысқасын айтқанда, заңды іс-әрекеттерді орындамай, ақы төлемеген. Сатылып кеткен билеттердің ақшасы да кері қайтарылды», - деді басқармада. Бұл күні цирктің алдында атышулы топтың бір топ жанкүйерлері жиналып, сүйікті әншілерін күткен. Концерттің өтпейтінін білген кезде ашуға беріліп, айқайлап, жылағандар да болды. Айта кетейік, кеше Қарағанды мен Жезқазған қалаларында атышулы топтың жоспарланған концертінің өтпей қалғанын хабарлаған едік. Бір топ қала жастары қала әкімдігіне хат жазып, аталмыш топтың үстінен шағымданған. Жіберіп алмаңыз:  Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты Жаңа хит: Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасова тағы да дуэт жаздырды (видео) Актриса Анар Батырхан ғажап даусымен таңқалдыруда (видео) “Аll Давай” әншісі екі айдың ішінде өз күшімен Gelandewagen автокөлігіне қол жеткізбек (видео)  
Талқылау