Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдердің жалақысы жеке құпия ма?

16 облыстық әкімнің 7-уі жалақылары жөнінде айтудан бас тартты. Оны жеке құпия әрі қызметкерлерге қатысты жеке мәлімет деп атады.

tenge700

Бұл туралы “Құқықтық медиа-орталық” қоғамдық қорының заңгері Facebook желісіне жариялады.

Біржанованың айтуынша, ұйым Ұлттық экономика министрлігіне сауал дайындаған.

Министрлікте елбасының бұйрығымен мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысы “Әкімшілік жұмыстар” заңына сәйкес жария етілмейтіні айтылды.

“Қазақстан Республикасының мемлекет есебінен берілетін орган қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі ақпарат, оның ішінде лауазымдық ақша коэффиценттері мен біліктілік сыныптар, басқа да төлемдер бойынша өсімпұлдар заңға сәйкес қызметтен тыс мақсатта қолданылмайды”, деп жазылған құжатта. 

Сонымен бірге жеке мәліметтер субъектінің келісімімен рұқсат берілетіні айтылды.

Бұған дейін БҚО әкімі Алтай Күлгіновтың айына 742 мың теңге, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 863 мың теңге, Қарағанды облысы әкімі мен Астана әкімі Әсет Исекешовтің 953 мың теңге алатыны хабарланды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек айына шамамен 600 мың теңгедей жалақы алатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Семей билігі әлі салынбаған жағажайды жетілдіру жұмыстарына миллион теңге жұмсамақ

2017 жылы қаржыны қай валютада сақтаған жөн

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады

Халықтың зейнетақы жинақтау қорындағы қаржысы ұрланды деген ақпарат тарады

Талқылау