Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылға сыймайды": Тоқаев қазақстандық банк 7 триллион теңгенің шетелге "жөнелтілгенін" мәлімдеді

Тоқаев қазақстандық банкті 7 триллион теңгеге алаяқтық жасағады деп айыптадыФото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі 7 триллион теңгеге алаяқтық жасағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторинг агенттігінде өткен жиында президент Коммерциялық банктердің заңсыз немесе күмәнді операцияларын бақылауды күшейту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

“Жақында төраға Жанат Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы “жөнелтілгені” туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Бұған дейін Тоқаев қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайларын, есірткі қылмысы мен ел экономикасына зардабын тигізетіндермен күресті күшейтуді тапсырған еді. 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 15:27