"Әкесіз бала толыққанды болып өспейді": Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға қолдау білдірді
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға үндеу жасап, олардың жүрегіне сенім ұялатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Өнер иесі балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған жас аналарға кеңес берді.
“Жалған сенімдер… Иә, біздің санамызда жалған сенім өте көп. Соның бірі: “Әкесіз бала толыққанды болып өспейді!” – дейді. Өседі, өскенде қандай керемет бала болып өседі. Ол үшін, жалғызбасты аналар, осы жалған сенімді саналарыңыздан алып тастаңыздар! Сіз жалғыз өсіріп отырған жоқсыз. Сіздің, балаңызға тағдыр беретін, ең басты қолдаушыңыз Алла бар. Балаға махаббат сездіретін ата-ана, бауыр т.б. жақындарыңыз бар. Есесіне, күмәніңіз болмасын, сіз өте керемет анасыз! Осыны естен шығармаңыз!”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, бүгінде өнер иесі жалғыз өзі Салтай есімді ұл мен Айша есімді қыз тәрбиелеп отыр.
Бұған дейін, Алматы облысында жалғызбасты аналар мен әкелер аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар тұрып келген мектеп-интернатының жабылуына қарсылығын білдірген еді.