Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесінен ұялмайды": 16 жасында тұрмысқа шығып, жүкті болған Абай Бегейдің қызы тағы да халықтан сөз естіді

абай бегей Фото: https://www.instagram.com/symbatabaikyzy/

16 жасында тұрмысқа шығып, жүкті болған Абай Бегейдің қызы Сымбат тағы да халықтан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер Сымбат Абайқызы жүктіліне қатысты жазба жариялаған еді. 

“Жүктілік жайында бөлісейін. 30 апта болдық. Жүктілігім жайында сұрақ көп. Соларға отырып алып жауап берейін. Менде 9 аптадан бастап, 16 аптаға дейін токсикоз болды. 16 аптаға дейін әрең жүрдім. Қатты арықтап кеттім. Күнімнің жартысы сабақта өтеді, туалет пен кабинеттің ортасында айналшықтап жүрдім. Салмақ қосудың орнына 4 келі тастадым. Жақ-сүйектерім шығып, иммунитетім түсті. Токсикозым аяқталды дегеннен қазірге дейін өзімді күшті сезініп жүрмін. Дым сезінбей, дискомфорт жоқ, витаминдерімді уақытылы ішіп жүрмін. Салмақты да соңғы аптада қоспасам, өлең айтып, билеп жүрмін. Таза ауада күндіз-түні жүрмін”, – деп жазды Сымбат.



Желі қолданушылары ішін ұстап фотоға түскенін қатаң сынады. 

“Жүктілікті бұрын жасыратын еді. Тіл көзден сақтайтын. Қазір әкелерінен ұялмайды. Мақтанышпен салады”, “Ақша үшін не істемейді”, “Сабағын оқып, жап-жас болып жүретін қыз, екіқабат болып жүр”, “Медицина саласында оқып жатыр”, “Туатын әйелдің басына білім қона ма?!”, “Әкесін жерге қаратып жүрген қыз ғой”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Абай Бегейдің қызы дүниеге келмеген баласына бесік алып қойған еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 17:39
Талқылау