Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесінен асып туған: Абай Бегейдің қызы вокалдық қабілетімен көпшілікті таңғалдырды (видео)

Алма ағашынан алысқа түспейді. Мәселен, Абай Бегей қыздарының әнші болғанын қаламаған. Әйткенмен өзіне ұқсаған перзенті бүгінде ән жаздырып, тіпті бейнебаян түсірудің қамына кіріскен, деп жазады Stan.kz.

Әкесінен асып туған: Абай Бегейдің қызы вокалдық қабілетімен көпшілікті таңғалдырды (видео)

Әншінің ортаншы қызы жақында марқұм анасына ән арнап, көпшіліктің жүрегін елжіреткен еді. Қызының талантына балта шаппауды жөн көрген Абай Бегей енді оған бейнебаян түсіріп беруде. Ұстаздарға арналған әнді Сымбат Абайқызы жас әнші Нұрмұхаммед Ибрагиммен бірге орындайды.

Сондай-ақ, бірер күн бұрын Абай Бегей қызының жанды дауыста ән шырқап отырған видеосын жариялады. Көпшілік Сымбаттың вокалдық қабілеті мен даусына қайран қалып, оның әкесінен асып туғанын айтуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Бүгін үйде концерт болып жатыр😀💛💛 @symbat_abaikyzy

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)


“Даусы қандай керемет”, “Әкесінен асып туған перзент болыпты”, “Талабыңа нұр жаусын”, “Биіктерден көрінсін”, – деп ақ тілегін жаудырды желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау