Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесіндей азаматтарға тұрмысқа шыққан азиялық жасөспірімдер (фото)

Азияның артта қалған елдерінде бүгінгі күнге дейін қыздардың 40-70 пайызы 18 жасқа дейін, 5-20 пайызы 12 жасқа дейін (ең көбі Йеменде және Ауғанстанда) тұрмысқа шығады. Әдетте оларды ата-аналары ақшаға сатып жібереді деседі. Қыздарды өзінен үш-бес есе үлкен адамдар сатып алады. Сондай-ақ, қыздың бұл «келісім-шартты» бұзуға еш құқығы болмайды. Егер бұған құлақ аспаса оларды қатты қинап, тіпті өлтіріп тастайды, дейді көргендер.

Үндістанда 5-12 жастағы қыздарды 40-70 жастағы ер адамдарға тұрмысқа береді. Егер күйеулеріне мойынсынбайтын болса, оларды ауыр жазаға тартады.

Үндістер «салт-дәстүр бойынша», «ата-бабамыз осылай жасаған» және «14 жасында бала туу ағзаға пайдалы» сынды дәстүрлерді ұстанады. Азияның бірнеше өңірлерінде жас қыздар осындай қағидамен өмір сүріп келеді.

Мейлі ол америкалық, орыс, неміс немесе араб болсын, олар белгілі бір жасқа дейін (әдетте 14-18 жас) толыққанды жетілмеген деп саналады. Кәмелетке толмаған баланың жыныстық қатынасын бұзу педофилия деп аталады. Сондай-ақ, азиялықтар  «дұшпан көретін Батыста» ондай адамдарды қатаң жазалайды. Бұл өркениетті деп аталатын адамзаттың негізгі қағидаларының бірі. Сондай-ақ, баламен жыныстық қатынаста болуды талап ететін  адамдар халықаралық ұстаным бойынша психикалық ауруға шалдыққан деп есептеледі.

Дәстүрді ұстанушылар өздерінің әділдігін дәлелдеу үшін мәселені дінге қарай ысыруда. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінен: “алғашқы етеккірі келгенге дейін қызын тұрмысқа берген әке бақытты” деген сөзін мысалға келтіріп, өздерін ақтауға тырысады. Олар жас қызды келін етіп алған отбасы кәмелеттік жасқа толғанша өз баласындай күтіп, тәрбиелейді деген пікірде. Тұрмысы төмен отбасылардың қыздарын кедейліктен құтқару үшін немесе келіншектердің ұрлануынан (ұрланған қызды күйеуге бере алмайды) шығатын жалғыз мүмкіндік  деп есептейді екен.

Батыс елдерінің заңдарына сәйкес Африка мен Азияның он миллиондаған азаматтары педофилия үшін ұзақ уақыт түрмеде отырар еді. Бірақ өз елдерінде оларға осы бұзақылыққа толық құқық берілген.

Сауд Арабиясында 90 жастағы азамат 15 жасар әйелінің ата-анасын сотқа берген. 90 жастағы куйеуінің айтуынша, қыздың ата-анасы алғашқы түні әйелінің жатын бөлмесіне кіргізбепті, одан кейін әйелі қашып кетіпті. Шаңырақ көтерген ер адам қыздың ата-анасына 17,5 мың доллар төлегенін айтты. Өз мәлімдемесінде ол өз ақшасын немесе әйелін қайтаруды талап етті.

Сол сияқты  Батыс әлемін қызықтырған басқа да жаңалықтар Time журналында жарияланды. Йемендегі 10 жасар Нужуд атты қыздың некеде тұрып, кейін ажырасқанын естіген «Time» журналының тілшісі таң қалған. Ол әлем бойынша ажырасқан ең жас әйел болды. Әлемдік баспасөз Нужудтың өміріне қызығушылық танытты. Нью-Йорктегі Glamour журналына оның «Жыл әйелі» деген атағы берілді. Содан кейін Парижге көшіп келіп, журналист Дельфин Минудың сөзімен жазылған өмірбаянын жарыққа шығарды.

10 жасар Нужудтан  үлгі тұтып ажырасуға ниет еткен қыздардың қатары көбейе бастады. Кейін, өзінің отандасы, 9 жасар Арва Абду да ажырасуға өтініш берді. Көп ұзамай көрші Сауд Арабиясында ересек адамға тұрмысқа шыққан 8 жасар қыз да ажырасқан. Олардың артынан 11-12 жастағы әйелдер де сотқа арыз бере бастады.

Бірақ Йемендік Нужуд сияқты бәрінің жолы болған жоқ. Қыздарды тұрмыста болған үйлері кішкентай қателікке бола ұрып-соғып, тіпті өлтіруге дейін барады екен. Қыздар көбінесе азаптауға шыдай алмай, өздеріне қол жұмсап жатады. Әдетте, олар осы азаптан құтылу үшін суицидке барады. Батыстық БАҚ соңғы жылдары Ауғанстаннан да өздерін өртеп жіберген, бірақ әрең аман қалған қыздардың суреттерін көрген. Бұл суреттер американдық басқыншылардың арқасында пайда болған.

Америкалық «Time» журналы редакциясының өкілдері, тіпті, оның мұқабасына күйеуінің туыстарының қорлауына төзе алмай отбасынан қашып, таяқ жеген ауған қызының суретін жариялаған.

Жіберіп алмаңыз:

Қабығымен жеуге болатын банан өсірілді (фото)

Әлемдегі ең ұзын ер адам мен ең қысқа бойлы қыз Мысырда кездесті

Иесіне махаббатын дәлелдеу үшін күн сайын жапырақ әкеліп жүрген мысық көпшілікті сүйсіндірді (фото)

АҚШ-та жоғалып кеткен модельдің бөлшектелген денесі екі шабаданның ішінен табылды

Талқылау