Ақмола облысында әкесі ұлына пышақ сұғып алды
Ақмола облысынның 64 жастағы тұрғыны өз ұлына пышақ сұғып алған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
30 мамырда Целиноград ауданының полиция бөліміне
Приречное ауылының 63 жастағы тұрғынының телефон хабарламасы келіп түсті. Айтуынша, күйеуі ұлына пышақ сұғып салған. Оқиға орнына келгендер оқиға полиция қызметкерлері 64 жастағы ер адамды анықтады.
Әкесі мен ұлы сөзге келіп қалған. Ішімдікке сылқия тойып алған әкесі 30 жастағы ұлының қолтық аймағына пышақ сұққан. Жас жігіт ауруханаға жатқызылды. Ер адам өз қылмысын толық мойындап отыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Қасақана жасалған денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тағайындалған сот-медициналық сараптама. Тергеу жалғасуда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
