“Әкесi қанша төледі екен”: Қазақстандықтар футболшы Димаш Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырылуына наразылық білдірді
Фото: instagram.com/kff_team
“Жетісу” футбол клубының ойыншысы Дінмұхаммед Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырту алуы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads желісінде қазақстандықтар футболшының ұлттық құрамаға алынуына наразылық білдірді.
“Ұлттық құрамаға блогерлерді шақыратын болыпты. "Жетісу" командасының орталық қорғаушысы Кәшкен – бір блогер қыздың күйеуі (кім екенін де, немен айналысатынын да білмеймін) енді ұлттық құрамада ойнайды екен. Жақсы футболшы болса бір сәрі, орталық қорғаушы ретінде түкке тұрмайды. Командасы кестеден түсіп қалайын деп тұр, ал ойыншының өзі бес сары қағаз алып үлгерді, "Қайраттан" 5:0 есебімен жеңілгені бөлек әңгіме. Сонда құрамадағы орынды сатып алуға болады деген сөз бе?”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Тағы бір желі қолданушысы Димаш Қашкенді ұлттық құрамадағы орынды сатып алды деп айыптады.
“Әкесi ұлттық құрамадан шақырту алу үшін қанша төледі екен? Басқаша бұл шешiм түсінбеймін, өйткені бұл адам Қазақстанның бірінші лигасында негізгі құрамда болмаған, бір таңғажайып жағдай болып "Жетісуға" тап болған. Ол жақта да көбіне қосалқы құрамда отырады (ҚПЛ-дегі ең әлсіз командалардың бірінде). Соған қарамастан, ұлттық құрамаға шақыртылып отыр және, ең қызығы, негізгі құрамда ойнауы да әбден мүмкін”, – дейді Threads қолданушысы.
“Жетісу” сапында ойнаған блогер Абилованың күйеуі жанкүйерлердің сынына ұшырады
Енді бірі Қазақстан футболының кері кетіп бара жатқанын айтып, көрші Өзбекстанмен салыстырды.
“Димаш Қашкен неге ұлттық құрамаға шақырту алады? Одан басқа қорғаушы жоқпа сонда елімізде? Ол қорғаныста болса, МЕГАның есігі сияқты болады ғой қорғаныс. Википедиясына ұлттық құрамада ойнаған деген атақ жетпей тұрған еді. Абилованың күйеуі болғаны үшін охват көтеру үшін шақырды ма оны ? Кері кетіп бара жатырмыз, Өзбекстан Әлем Чемпионатына шығып, Каннавароны бас бапкер етіп тағайындап жатқанда, Димаш Кашкенді ұлттық құрамаға шақырып жүрміз”, – дейді желі қолданушысы.
Пікір білдіргендер арасында футболшыны қолдағандар да бар. Тіпті, желі қолданушыларының бірі Димаш Қашкеннің бүгінгі дейінгі жетістіктерін тізбектеп шыққан.
“Енді “Атлетико Мадрид” академиясының түлегі, кезінде “Лион” клубы бапкерінің өзі таңғалып, тамсанып жүрген Қашкен ойнамағанда, кім ойнайды ұлттық құрамада? Азуын айға білеген “Қайсар”, “Хан тәңірі”, “Ұлытау” секілді клубтарда доп тебу оңайма сендерге?”, – делінген жазбада.
Фото: threads.com/@jenisoff__
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Дінмұхаммед Болатұлы Қашкен 2000 жылы Алматыда туған. Спорттағы мәнсабын 2016 жылы “Астана М” клубының қатарында бастаған. Қазір “Жетісу” футбол клубының қорғаушысы.
Футболшы 2023 жылы танымал блогер Мерей Абиловаға үйленгеннен кейін кең таныла бастады.
Еске салсақ, бұған дейін футболшы Димаш Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырту алғаны туралы жазған едік.

Қазақстанда отбасылардың жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатыны рас па? Зерттеп көрдік
