Әкесі бір жарым жасар қызын сабап өлтірген: Күдікті қамауға алынды
Алматыда қалалық сот InterContinenal бес жұлдызды мейманханасында өз қызын сабап өлтірді деп күдіктелген ер адамға қатысты бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер мәлімдегендей, көз жұмған бір жарым жасар қыздың әкесі екі айға қамауға алынды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы бес жұлдыздың мейманханалардың бірінде әкесінің бір жарым жасар қызын сабап өлтіргені туралы ақпарат пайда болған еді. Анықталғандай, ер адам сәбиді ұрып-соққан. Дәрігерлер сәбидің өмірін алып қалуға тырысқанымен, өкінішке орай, ол көз жұмды.
Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты