БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкешім, мұңаймаңыз": Абай Бегейдің қызының анасына арнаған өлеңі жұртты жылатты (видео)

Абай Бегейдің қызы анасына ән арнап, жұртты жылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақапарт агенттігі.

Әнші қызының анасы туралы орындаған әнін желідегі парақшасына жүктеп, балалардың бақытты болуын тілеп жазба қалдырды. Қызының сағынышы жыр болып төгілгенін жеткізді Абай Бегей.

"Сымбат Абайқызының орындауындағы "Анашым" әні. Мереке құтты болсын! Балалар жыламасын", - деп жазды өнер иесі.

Бұны көрген желідегі жұрттың жүрегі елжіреп, көздеріне жас алған. Олар кішкентай Сымбат Абайқызына ақ тілектерін білдіріп, төзімділік тіледі.

"Ананың орны ерекше. Мен де анамнан айырылдым. Осы өлеңді күнде тыңдаймын, көзімнен жас тоқтамайды, сағынып жүрмін анамды", "Жаным, ботақаным, жүрегім елжіреп кетті ғой. Аллаға шүкір жаныңда әкең бар", "Ақ жүрегіңнен айналдым", "Еріксіз көзіме жас келді. Керемет ән, керемет орындау", - деп сезімдерін білдіріп, жазба қалдырған жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр