Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Тәжібаева өз тойында қобызбен күй тартып қонақтарын қуантты (видео)

Мамырдың 8-і күні Ақтөбе қаласында қобызшы Ақерке Тәжібаеваның үлкен тойы өтті. Аталған тойда Тәжібаева қобызбен күй тартып, келген қонақтардың көңілін көтерген.

13167391_1025565444157830_704232948_n

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әнші, айтулы қобызшы, ұстаз, жақында ғана жас отаудың табалдырығын аттап келін атанған қазақ сахнасының жарық жұлдызы Ақерке Тәжібаева өз тойында қобызбен күй орындап, келген қонақтарға ерекше сый жасады.

13167440_1336333189716262_811112153_n

13166724_1160837340622716_1181834542_n

13129418_1537186073253863_447656132_n

13150931_535253256675629_1694754987_n

13099101_891295300998376_382440860_n

“Алматыдан келген достарына, ағайындары мен бауырларына осы “Алматы түні” әуенін қыл қобызымен орындап, Алматымен қоштасып тұрғандай болды. Енді Астана қаласында аяулы жарымен тұратын болады. Иә, қыз жат жұрттық деген осы. Тек бақыт тілейміз! Барған жеріңде бағың ашылсын, тастай батып, судай сің!” – деп продюсер Гүлзира Айдарбекова жиеніне ақ тілегін жаудырды.

👉🎥 @photograf_aktobe

Видео опубликовано Akerke Tazhibayeva💐 (@akerke_tazhibayeva)

“Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап оятар сезім.
Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей,
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем.
Ләззәт алар көрген жан сенен,
Көркіңнен сенің айналдым еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем”, – деп  құрбысы Айжан Бегасыл қобызшыға өлең арнап, бақыт тілеген.

Ақерке Тәжібаева сүйіктісі Есенжолмен осыдан екі жыл бұрын Англияда танысқан. Ұсынысты “Қазақстан” қонақ үйінің 25-қабатында тұрып жасаған. Жолдасы Тәжібаевадан өмірін ұлттық өнерді дәріптеуге арнауын сұрағандықтан, қобызшы ойланбастан бір күнде жұмыстан шығып кеткен. Екі жастың Ақтөбе қаласында өткен тойына барша достары мен өнердегі әріптестері барды.


Оқи отырыңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті (фото, видео)

Тәжібаева сүйіктісі туралы айтып берді

Ақерке Тәжібаева: Сүйіктім айтқан соң бір күнде жұмыстан шықтым

Талқылау