Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкемнің бөрігі мен шешемнің орамалын сақтадым": Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын айтып, көзіне жас алды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын еске алып, қандай отбасыдан шыққанын “1001 түн” бағдарламасына айтып берді.  

Фото: https://www.instagram.com/toktar.serikov/

Өнер иесі марқұм анасын айтып, эфирде жылап қалды. 

“Әлеуметтік желіде шарлап жүрген шешем екеуіміздің суретіміз бар. Ол кісінің дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ шешеме қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін. Оны көрген Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Қазір бәрін сағынамын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Соңғы сәттерде киген көйлегін жудырмай алып қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын”, – деп толқыды әнші. 



Сонымен қатар әншінің жары, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бейбіт Сейдуәлиева да енесінің керемет адам болғанын айтты. 

“Ол кісі мен келін болып түскен күннен бастап қатты құрмет көрсетті. Танымал адам, халықтың алдында жүреді деп үнемі қамқорлық жасап отыратын. Ауыр жұмыс істеткізбейтін. Ауылға барғанда Тоқтар көлікпен, мен пойызға мінемін. Сол кезде енем “Генерал келін келе жатыр” деп абысындарымды аяғынан тік тұрғызатын көрінеді. Әлі күнге дейін сағынамын. Біздің қолымызда болып, содан кейін ауылға кеткісі келді. Сол кезде менің бетімнен емес, маңдайымнан сүйді. Әдетте тек бетімнен сүйетін. Қолын жайып тұрып, батасын берді. Сол кезде соңғы сапарға кететінін біліп жүр екен ғой”, – деп жылап қалды Бейбіт. 

Еске салайық, Тоқтар мен Бейбіт үйлену тойларының қалай өткенін айтып берген еді.

Талқылау