Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкеме менен ешнәрсе шықпайтынын жиі айтатын": Париж олимпидасының күміс жүлдегері өзінің спорттағы жетістігіне көпшілік күмәнмен қарағанын айтты

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің спорттағы үлкен жетістікке қол жеткізетініне көпшілік күмәнмен қарағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: ҰОК

Спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медалді иеленген Нариман Құрбанов 18 жасынан бастап олимпиадада атой салуды армандағанын жасырмады.

“Көпшілік менің спортта үлкен жетістікке жететініме сенбей, әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатын. Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арман емес. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін бақыт", - деді Курбанов. 

Айта кетейік, қазір Қазақстанда бір алтын (Елдос Сметов), бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле алған еді. Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасының қоржынын алтыншы медальмен толықтырды. 

Талқылау