Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкемді жерлегеніне бір апта болып еді": Айгүл Иманбаева не себепті ұлына той жасамағанын түсіндірді

Танымал әнші Айгүл Иманбаева тұңғышы Асылжанның не себепті үйлену тойын жасамағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі бүгінде Айсұлу есімді немересін бағып отыр. Ол “Сырласу” бағдарламасына қонақ болып, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Әкемнің жерлеуіне үлгермегесін, жетілігін өткізгеннен кейін, ұлым үйленгісі келетінін айтты. Оның алдында да айтып жүрген. Жалпы, баламмен ашық сөйлесіп, не нәрсе болса да талқылаймыз. Әкемнің қазасынан кейін ашық айтты. “Мен оны шын сүйемін, оның құшағында оянғым келеді” деді. Тура осылай айтты. Содан келісім бердім. Екі күннен кейін қыз жақтың анасымен таныстым. Бірақ қазақтың салтында бар дүниеден аттап кетпедік. Бүкіл жұртты шулатып, той жасауды әбестік көрдік. Қазалы күйде той жасағымыз да келмеді. Сәбит-Динарамен де ақылдастық. Ауылдан өзінің ата-әжесін алдырдық. Бас-аяғы бір аптаның ішінде екі жақтың ет жақындарын жинап, құдалық пен екі күнде беташарын өткіздік. Елге белгілі мәдениет саласының үздігі Алмахан Мұхаметқалиқызы құдағиым болып шықты. Сол кісіні көргеннен кейін, келінімнің қандай жерден шыққанына титтей де күмән болмады. Батамды бердім”, – деді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі ұлының рұқсатымен ғана тұрмысқа шыққанын жасырмады. 

“Менің жалғыз жүргенім ұлымның жанына батқаны рас. Тұрмысқа да ұлыммен ақылдасып шықтым. Егер ол рұқсат етсе, Ерланға “иә” деймін деп ойлап жүрдім. Лондонға ұшып келіп, неке қию сәтінде жанымда болды. Үлкен ересек адамдардың қадамын жасап, батасын беріп, ниеттестігін білдірді. Өзі танып, жақсы адам екеніне көзі жетті. Жігіттің төресі деп баға берді”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, Айгүл Иманбаева неке қиған сәтінің видеосын жариялаған еді. 

Талқылау