Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкелердің құқығын бұзады": Қазақстандық азамат кішкентай балалары бар аналардың ғана әкімшілік қамаудан босатылатынына наразы

әке мен бала

Фото: Pixabay.com

Конституциялық Сот 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен ерлерді әкімшілік қамаққа алуға тыйым салудағы айырмашылықтардың Конституцияға сәйкестігін тексереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Конституциялық Сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 50-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарайды. Себебі осыған қатысты азаматтан өтініш келіп түсті.

Аталған нормаға сәйкес әкімшілік қамаққа алу отыз тәулікке дейін, ал төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзім белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.


Конституциялық сот баланың ұлтын анықтау ережесіне өзгеріс енгізді


Өтініш берушінің пікірінше, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ғана әкімшілік қамаққа алуды қолдануға тыйым салатын даулы норма Конституцияның 14-бабына қайшы келеді. Өйткені бұл гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке әкеледі және 14 жасқа дейінгі балалары бар ерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзады дейді.

Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындысы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Еске салсақ, Конституциялық сот әлеуметтік кодекстің бір бабы бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әкелердің құқықтарын шектейді деп мәлімдеген еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 14:40
Талқылау