Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті
Соңғы кездері әнші Бүркіт адамға ой салатын өнегелі әрі тағылымды әңгімелермен бөлісіп жүр. Мәселен, күні кеше ол әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайында сөз етті. Бала тәрбиесіндегі әкенің орнын түсіндіретін бұл әңгіме қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге тиесілі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Өрмекші. Құмырсқа. Қарлығаш” әңгімесін әр қазақтың баласы мектеп қабырғасында оқыған. Бұл ретте Бүркіт қысқаша әңгімені желідегі оқырмандарының есіне салуды жөн көріпті.
Әншінің әке туралы сөз қозғауы бекер емес. Анықталғандай, Бүркіттің әкесі Бекжігіт ақсақал биыл 80-нің сеңгіріне шығып отыр.
Бұл орайда желі оқырмандары келбеті келісті ақсақалдың өте жас көрінетінін айтып, таңданып жатыр. Көпшілік Бүркіттің әкесіне қатты ұқсайтынын айтуда.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Әлқожа тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)
Ақбота Сейтмағамбет Жанар Айжанованың “келіні” атанды (фото)
«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды
Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)