AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбұлақта атыс шығарған Игорь Дужнов тергеу изоляторына қамалды

Алматыдағы Ақбұлақта атыс шығарып, 5 адамның өмірін қиған Игорь Дужнов тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

турме

Дужновтың адвокаты соттан күдіктінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сотты жабық режимде өткізуді сұрады. Алайда сот БАҚ өкілдерін қатыстырмау туралы өтінішті қанағаттандырмады және онлайн тыңдауды ашық режимде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұдан соң заңгер судьяға қарсы наразылығын мәлімдеді.

"Құрметті сот, егер бірнәрсе орын алса жауапкершілікті сізге артамын. Сіздің сот отырысын ашық режимде өткізу туралы шешіміңізге байланысты, мен сізге қарсы наразылық білдіруге мәжбүрмін. Мен күдікті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне алаңдаймын. Қауіпсіздіктің бұзылуына әкелуі мүмкін ақпаратты жария ету мүмкін емес. Неліктен мұндай шешім қабылдағаныңызды түсінбеймін, менің ойымша, сіз істі қарауға тікелей әрі жанама қызығушылық танытып отырсыз. Осыған байланысты мен наразылық білдіремін", – деді адвокат.



Судья Жанабил Акинов адвокаттан наразылықты жазбаша түрде тапсыруын сұрады.

Отырыста сот Дужновқа қатысты екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматылық сот Игорь Дужновтың әйелінің шағымын қарауды кейінге шегерген болатын.

20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар бұған дейін Алматы қалалық соты Игорь Дужнов пен Анайда Демирчян өз құқықтарын қорғауда қателіктер жібергенін айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр