Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?

Таныстығы «Гламур для дур» атты картинаның түсірілімінен бастау алған Дәурен мен Ақботаның махаббат хикаясы кинодан кейін жалғасын тапқанымен, алғашқыда көпшілік сене қоймаған еді. Тіпті жас жұбайлар жеке өміріндегі өзгеріс жайлы ешкімге тіс жарғысы келмеген. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Сейітмағамбетова Айдарқұловпен арадағы қарым-қатынасты қандай мақсатта жасырғанын жария етті.

akbota dauren_6

«Негізі бастапқады ешнәрсені айтқым келген жоқ. Оның үстіне жолдасым да шамалы қарсы болды. Мен біраз жағдайдан кейін, кейінірек айтамыз деп, қазір жасырын түрде болғаны жақсы деп ойладық. Енді аяқ асты менде шыдамай кеттім, олда шыдамай кетті, айтуға тура келді» – дейді ақ келін атанған Ақбота.

Иә, Ақбота үлкен сахнаға қыздар тобы арқылы қадам басқанымен, шығармашылығы әншіні жұлдыз еткен жоқ. Керісінше «Кешьюден» кеткен сәтте жеке өмірінде орын алған өзгерістер өнер иесіне танымалдылықты тарту еткенін жасырмайды.

«Жеке өмірімдегі жаңалықтар мені танымал етті деп айта аламын. Бірақ жақсы жағынан жұлдыз болған жақсы ғой, екінші жағынан… Мысалы «тоқал» жағынан жұлдыз болғанның несі жақсы?! Бірақ, бүгінде тоқал алу қалыпты жағдай. Соны көбісі түсіне алмай жатыр. Тіпті, тек қана шоу-бизнесте біз Дәурен екеуіміз осындай оқиғаға тап болғандай», – дейді ашуға булыққан Ақбота.

Ақботаның дәл бұлай сөйлеуі де тегін емес. Әнші жұмбақтап айтса да, ойындағын жеткізгісі келгендей… Иә, отандық шоу-бизнеске тосыннан төңкеріс әкелген тек Ақбота мен Дәурен емес. Бұл тізімде бүгінде экс-Есентаева атанған Баян мен оның ғашығы Тұрсын Алакөзов бар. Сонымен қатар, Сейітмағамбетованың сахнадағы серігі болған Жұлдыз Өмірғали мен Айқынды да айтпасқа болмас.

«Дәл қазіргі танымалдылығым туралы айтатын болсам, көбісі дұрыс түсінбейді. Біреуі айтады біреудің тоқалы дейді, енді бірі біреуді отбасынан ажыратып алды деп жатады. Қазақтар ештеңені көрмей, білмей жатып көргендей қылып айтады. Көбінесе мән бермеуге тырысамын. Бірақ, шектен шығып кеткендердің сөзі көңіліме тиеді», – дейді Ақбота желіде жағымсыз пікірлерді қарша борататын оқырмандары жайлы.

Бүгінде «тоқал» тақырыбынан шаршаған Ақбота әншілік мансабын қайта қолға алғанын айтады. Тіпті тың тректі жазып үлгерген өнер иесі, жеке шығармашылығын шыңдауда тынбай тер төгіп жатқанын жеткізді. Ал, жақын күндері дебюттік бейнебаянды түсіруді жоспарлап отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Отандық жұлдыздар латын әліпбиіне қатысты пікір білдірді (фото)

Қазақ тілді көрерменге ренжіген Азамат Сатыбалды бұдан былай орысша фильм түсіретінін айтты

Тәуекел Мүсілім өзін ессіз ғашық еткен қырғыз аруы жайлы айтып берді (фото)

 

Талқылау