"Ақбота Керімбекованың тойы деп алып келдім": Индира Расылхан анасына тосынсый жасады
Белгілі әнші Индира Расылхан анасының мерейтойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/indirarasylkhan/
Өнер иесі анасының туған күнін тосынсый етіп, дүркіретіп атап өтті.
“Кеше анашым Жұпаркүл 70 жасқа толды. Анашым мерей тойын атайтынымызды білмейді. 20 күн өтірік айттық қой. Соңғы айтқан өтірігім осы болды. “Ақбота Керімбекованың анасы туған күніне шақырды” деп тойханаға алып кірдім. Екеуі жан құрбы болып араласады. Бізбен бірге болыңыздар! ”, – деп жазды әнші.
-
"Екі жасты алып шығуым керек еді": Индира Расылхан той үстінде тосын оқиғаға тап болды
-
"Әртіс адамнан ақыл сұрай ма?": Индира Расылхан сахнаға не үшін оралғанын түсіндірді
Сондай-ақ өнер иесі ата-ананың батасы баласы үшін дұға екенін айтып, үндеу жасады.
“Жүректі жібіту мақсатында ең бірінші әке мен анадан кешірім сұрай алу керек екен. Біз себепті басқа жақтан іздейміз. Әке мен ананың ризалығы, олардың сен үшін шынайы дұға етуі, саған ренжімеуі. Біз қашан ренжітіп алғанымызды білмейміз. Аллаһ Тағалам әке мен аналарыңыздың арасында шынайы махаббат орнатсын. Шынайы түрде арнайы барып кешірім сұраңыздар. Ең маңызды екі адамның разылығы, Аллаһтың разылығы”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Еске салайық, Индира Расылхан орамалына тиіскен оқырманына жауап берген еді.