Ақбота Керімбекова “күйеуін сатып алған” дегендерге жауап берді
Жуырда Ақбота Керімбекова тұрмысқа шығып, сүйіктісі Рауанмен некесін қиды. Өміріндегі ең айтулы күннің куәсі қылды. Аталған тойдың болатынын естіген кезде жұрт үшінші рет отбасын құрғалы жатқан Ақботаны сынап тастаған болатын. Әнші “күйеуін ақшаға сатып алған” дегендерге жауап берді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Stan.kz. “Көбісі “Ақбота күйеуін ақшамен сатып алыпты” деген сияқты айтып жатыр. Жақсы, жаман пікірлер жарыса жазылып жатыр. Менің асып-тасыған дүнием жоқ. Оған Алла куә. Алланың берген нәсібімен халықты қуанышымызға шақырып, сол нәсіптің арқасында өмір сүріп келемін. Анам мен балаларыма арнап екі үй тұрғыздым. Рауан өте әдемі жігіт. Көпшілік айтып жатқандай байлыққа қызықса, менен де бай, менен де әдемі жас қыздарға баратын еді. Сол себепті, ол менің дүниеме қызықты деп айта алмаймын. Өзі де осылай деп отыр. Өнерімді сыйлап, маған деген көңілі мен ниеті, бақытты қылуға деген тілегі деп білемін”, - дейді Ақбота Керімбекова. Жұрттың сынынан қорыққан әнші бастапқыда той жасаудан бас тартқан екен. Десе де, күйеу жігіті мұнысына көнбей, тойын журналистер мен туысқандарының арасында дүркіретіп атап өтуді жөн көрген. “Бота – бірден бір қазақтың маңдайына біткен әншісі. Әркімнің пікірі бар болғандықтан, бұл әңгіме болуы керек. Кейде аузына келгендерін айтып жатқандардың да пікірлерін оқып қаламыз. Бірақ, ешкімге өкпе-ренішіміз жоқ. Тойды Ақботаны бақытты қылу үшін жасадық. Неге өткізбеске?! Ботаға басына фата киіп алуды да ұсынған болатынмын. Мен өзімнің қалағанымды істеп жатырмын және істейтін боламын. Бота басында “Той өткізбей-ақ қояйықшы. Халық шулап жүрер” деп айтқан болатын. Аллаға шүкір, бізде барлығы жақсы және жақсы болады”, - дейді Рауан Дәулетов.Жіберіп алмаңыз: Қытай мектептерінде Димаштың әндері оқытылып жатыр (видео) Сәкен Майғазиев: 40-қа келіп тоқтап қалмаймыз, 7 баланың әкесі атансам деймін Голливуд жұлдызы Дуэйн Джонсон қазақстандықпен бірге жұмыс істемек (видео) Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)
Талқылау