Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: Ажырасқан әйелді келінім етуге дайынмын

Жуырда Ақбота Керімбекова сүрбойдақтар сүйіктісін іздеп келетін бағдарламаға қонақ болып келген-ді. Аталған бағдарламада Замира есімді ажырасқан келіншек өзіне кеңес сұрады. Әнші өзінің ажырасқанына қарамастан, жастардың бұл әрекетін құптамайтынын жеткізді. Яғни барынша отбасыны сақтап қалуға кеңес берді. Мұнымен қатар, ол ажырасқан келіншекті еш қиындықсыз келіні ретінде қабылдай алатынын жеткізді.

maxresdefault

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

– Ажырасқан келіншектерге қандай ақыл айтар едіңіз?

– Қазір ақыл тыңдайтын жастар бар ма? Балама ақыл айтсам, “Ана, қойыңызшы” деп теріс айналады. Содан кейін ақыл тыңдайтын адам жоқ шығар деп ойлаймын. Оның үстіне өзімді ақыл айтатын жасқа келіп, көп нәрсені көріп тастадым деп ойламаймын. Бәріміздің баратын жеріміз бір жер. Әркімнің өзі үшін жауап беретіні ақиқат. Мен үш рет күйеуге шықты екен деп сіздер де қайта-қайта ажырасып жүрмеңіздер. Менен дәл осы жерден үлгі алудың қажеті жоқ. Бар болғаны, ертең өмірімізде не болатынын білмейміз. Өмір деген – күрес. Талмай күресе беру керек. Бір көзіңнің жасын сығып ал да, тұрып жұмысыңды жалғастыра бер. Күліп, өзіңе көңіл-күй сыйла. Менің айтарым осы.

– Қазіргі жолдасыңыздың бұрын отбасы болған ба?

– Иә, бұрын бір рет отбасы болған. Бірінші некесінен Жайық есімді 5 жастағы ұлы бар. Екеуіміздің арамыз 8 жас. Бірақ, керісінше мен одан кіші сияқтымын.

– Ұлыңызды өнер жолынан көре аласыз ба? Егер балаңыз бұрын отбасын құрған қызды сүйіп қалса, сол әйелді келін ретінде қабылдай аласыз ба?

– Әрине, мен бәріне дайынмын. Мен тағдырымда ертеңгі күні не болатынын білмеймін. Әрбір ата-ана баласының бақытты болғанын тілейді. Өз басым барлық жағдайға дайынмын. Келесі өмірге де дайынмын. Жақсыны да, жаманды да ойлаймын. Алладан ұрпағымның ауырмай-сырқамай, күліп-ойнап алдымда жүргенін тілеймін. Бұл өмірде ештеңеге қол жеткізбесең де, бір адамды бақытты қылшы. Соның өзі үлкен сауап.


Жіберіп алмаңыз:

Мұрат Қожаның бірінші әйелі туған күніне өнердегі ең танымал бикештерді шақырды (фото)

Ақбота Керімбекова: Ұлым қазіргі күйеуімді туған әкесі деп ойлап жүр

Айдана Меденова тұрмыста болса да өзін аңдып, артынан қалмайтын жігіттер туралы айтты (фото)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Талқылау