Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақболат Өтебай: "Әйелім - Табылды Досымовтың қызы"

Танымал әзілкеш, актер Ақболат Өтебай Аман Тасығанға берген сұхбатында жары Айнамкөздің бойынан тектілігі байқалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/akbolatutebai

“Әйелің – тектінің тұқымы, Табылды Досымовтың қызы. Сол тектілік бойынан байқала ма?” деген сұраққа Ақболат: “Әрине, байқалады. Ең үлкен қасиетінің бірі – өсектен аман. Енем де, қыздары да өсектен алыс. Менің өмірімде құдағилар арасындағы кикілжің, әйелімінің анасына сөз тасуы деген нәрсе болмаған. Бір-бірімізбен ашық сөйлесеміз. Әйелім менің шешеме қалай қызмет етсе, мен де қайын жұртыма дәл солай қызмет жасауға, пайдамды тигізуге, көңілдерінен шығуға тырысамын. Айнамкөздің інісі, әпкесі өзімнің достарым сияқты. Шығармашылық туралы сөйлесуге өрелері жетеді. Інісі досымдай болып кетті. Туған інім Нұрланды қалай жақсы көрсем, оны да солай жақын тартамын. Құдай маған осындай жақсы отбасының қызын алуды бұйыртқанына ризамын”, – деп жауап берді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 09:35
Талқылау