Ақ үй: Путин Украинаға жиналған әскерінің 90% жіберді, бірақ әлі де Киевті басып алғысы келеді
Ақ үй спикері Джен Псаки брифинг барысында Путиннің түпкі мақсаты Киевті және Украинаны толығымен басып алу екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Европейская правда басылымына сілтеме жасап.

"Путиннің мақсаты Киевті басып алу болып қала бермек", - деді Джен Псаки.
АҚШ дерегіне сүйенсек, Ресейде әскерилер мен техника қоры таусыла бастаған.
"Пентагон Украина маңында жиналған әскердің 90% шекарадан өтіп кеткенін мәлімдеді. Олар барлығы 480-нен аса зымыран ұшырды", - дейді Псаки.
Ақ үйде Украинадағы жағдайдың тынышталмай, одан әрі ушыға түскенін айтты.
"Яғни олар Киев пен Украинаны толығымен басып алу әрекетін тоқтатпады", - деп қосты Ақ үй өкілі.
Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Путинмен сөйлескен соң "қиын күндер әлі алда" екенін мәлімдеген. Ал Британия Путин жариялаған соғыстың жоспардан ауытқығанын айтты.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады