Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)

Иә, отандық жұлдыздардың қарапайым бояусыз түрін күнде көре бермейсің! “Бес тонна бояу” деп жұрт қанша сынға алғанымен, танымалдардың макияжсыз ел алдына шығуы екіталай. Себебі мінсіз мүсінді талап ететін киелі сахнаның “шарты” сондай, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда әлеуметтік желі шарықтап тұрған заманда қарапайым халық әртістердің күнделікті өмірін, қала берді не ішіп-жегенін, бос уақытта немен айналысатынын біліп отырады. Тіпті, әдетте жалт-жұлт етіп жүретін сахна саңлақтарының күйбең тіршіліктен шаршаған сәті де желі оқырмандарының көз алдында.

Мәселен, күні кеше әнші Бүркіт жары Аишаның бояусыз күйде қазақша сөйлеген видеосын жариялап, жұрттың қызу талқысына түсті. Өз кезегінде инста-оқырмандардың бір тобы Аишаның сүйкімділігіне тәнті болып, 1000-нан аса пікір қалдырған. Алайда әдеттегідей жағымсыз пікір иелері де жоқ емес.

Бір топ желі қолданушылары Аишаның бояусыз түрін сынға алып, тіпті Бүркіттің жарын “ажарсыз” деп сынға алды. Өз кезегінде Аишаның қорғаушылары оның жүкті екенін айтып түсіндіруге тырысты.

Оқи отырыңыз:

Алуа Қонарова “жезөкшелерді” қамшымен сабаған Ахмадиевті сынға алды

Сәкен Майғазиев Елбасыға ұқсайтын қасиетін атап, жұртты күлдірді

Қайрат Нұртас: Әке болып, үйде отырғым келеді (фото)

Рүстем Жүгінісов алғаш рет әке атанды (видео)

 

Талқылау