Air Astana ұшағы дәретханалардың істен шығуына байланысты Пекинге шұғыл қонды

Фото: airastana.com
8 қаңтарда Сеулдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының KC210 рейсі Пекин әуежайына техникалық себеппен мәжбүрлі түрде қонды. Бұған себеп – ұшақтағы барлық дәретхана істен шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшақ 9:25-те ұшып, жергілікті уақыт бойынша 11:50-де қауіпсіз қонды. Әуекомпания ақауды жою үшін қосалқы бөлшекті жеткізуді күтіп отыр. Сондықтан рейстің ұшуы жергілікті уақытпен 1:00-ге ауыстырылды.
"Виза қажеті жоқ жолаушыларға Қытай шекара қызметімен келісім бойынша қалаға шығуға және қонақүйге орналасуға рұқсат беріледі. Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалады. Онда оларға тамақ, сусындар және жамылғылар беріледі", – деп хабарлады авиакомпания.
-
2026 жылы ҚТЖ пойыздары мен AirAstana ұшақтарында спутниктік интернет қызметі пайда болады
-
Қолжетімді болмақ: Қазақстанда 2026 жылы қандай жаңа әуежайлар мен әуе бағыттары ашылады
Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясының Фукуок–Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшағы ерекше техникалық ақауға байланысты Фукуок әуежайына қайта оралуға мәжбүр болған еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді