Air Astana компаниясының жаңа бас директоры ресми түрде қызметіне кірісті

Фото: Air Astana
1 сәуірде Ибраһим Жанлыел ресми түрде Air Astana компаниясының бас директоры қызметіне кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол компанияны жиырма жылға жуық басқарған Питер Фостердің орнын алмастырды.
Ибраһим Жанлыел 1971 жылы дүниеге келген. Түркия азаматы. Ол мансабын 1994 жылы туризм менеджменті саласында бастады, кейіннен KLM, Northwest Airlines және Alitalia компанияларында авиация саласында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. Ол 2003 жылы Air Astana компаниялар тобына қосылды және содан бері директор, вице-президент және аға вице-президент лауазымдарында басшылық қызметтер атқарды. 2017 жылы бас қаржы директоры болды.
Питер Фостер Air Astana-дағы былыққа кінәлі ме, әлде талантты басқарушы ма?
Қазір ол EUROBAK директорлар кеңесінің мүшесі екен. Жанлыел мырза Мармара университетінде экономика бакалавры және Түркиядағы Босфор университетінде MBA дәрежесіне ие. Ол Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебінде директорларды дамыту бағдарламасын аяқтады.
Енді ол операциялық тиімділікті арттыру, тұрақты өсу және Air Astana мен FlyArystan компанияларының қос брендті моделін дамытуға назар аударады.
Жанлыел қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауға ниетті екенін атап өтті.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді