Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуе компаниясынан британиялық инвестор толық кетпек: Акция қаншаға сатылып жатыр

Фото: Аir astana

BAE Systems өз үлесін толық сатып, қазақстандық әуе компаниясындағы көпжылдық серіктестігін аяқтамақ. Мәміле шамамен 31 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Londonstockexchange.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың желтоқсанында BAE Systems компаниясының еншілес ұйымы 2025 жылдың желтоқсанында BAE Systems компаниясының еншілес ұйымы Air Astana акцияларының бір бөлігін сатқан еді. Енді Air Astana авиакомпаниясының хабарлауынша, британдық тарап өзіне тиесілі барлық жаһандық депозитарлық қолхаттарды (GDR) толықтай сатпақ.

Компания мәліметінше, бір GDR бағасы $5,1 (2 550 теңге) болады. Барлығы 6,1 млн GDR (акционерлік капиталдың 6,86%-ы) шектеулі институционалдық инвесторларға ұсынылады. Қазіргі нарықтық баға $6,02 (3 010 теңге) болғандықтан, дисконт 15,2%-ды болып отыр.

Осылайша, мәміленің жалпы сомасы шамамен $31 миллион (15,5 миллиард теңге), ал нарықтық құны $37 миллион (18,5 миллиард теңге).
Мәміле аяқталған соң, британдық акционер компания капиталына мүлде қатыспайды.

Air Astana бұл шешімді инвестордың стратегиялық басымдықтарының өзгеруімен түсіндірді. Компания өкілдерінің айтуынша, BAE Systems 2001 жылдан бері маңызды серіктес болғанымен, қазір Air Astana оның негізгі активтерінің қатарынан шыққан. Осы жаңалық аясында 19 наурызда KASE биржасында Air Astana акциялары 5,7%-ға арзандап, 707,5 теңгені құрады. Ал GDR бағасы 10,9%-ға төмендеп, $5,87 (2 935 теңге) болды. Лондон қор биржасында (LSE) бір қолхаттың бағасы $6,02 (3 010 теңге) деңгейінде қалып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында BAE Systems 9 млн GDR-ды $5,8 (2 900 теңге) бағамен сатқан еді. 2024 жылғы IPO нәтижесінде британдық акционердің үлесі бастапқы 49%-дан едәуір қысқарған. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Air Astana акционерлік құрылымы мынадай:

  • Самұрық-Қазына – 41%
  • BAE Systems еншілес компаниясы – 6,85%
  • Citibank (номиналды ұстаушы) – 37,53%
  • БЖЗҚ – 6,5%

Бұған дейін белгілі болғандай, 2025 жылы Air Astana-ның таза пайдасы 72,5%-ға төмендеп, 13,6 миллион доллар (6,8 миллиард теңге) болған.



Еске салайық, бұған дейін FlyArystan компаниясының бұрынғы топ-менеджері Ренат Әбілхановтың қорғау тарапы Air Astana әуе компаниясының әуе билеттерін жеңілдікпен басшылықтың туыстарына рәсімделіп, сатылғанын мәлімдеген болатын. Қорғаушы тараптың нұсқасы бойынша, жеңілдікпен билет алғандардың қатарында Air Astana басшысы Питер Фостердің жұбайы да болған. Адвокаттардың айтуынша, билеттер басшылықтың тікелей нұсқауымен рәсімделген. 

Айым Атамбаева
Жұма, 20 Наурыз, 2026 10:56