Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігі

1 желтоқсан күні Мәжіліс әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-пинистрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.

Аида Балаева Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

1999-2002 жылдары Алматы облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2002-2004 жылдары Алматы қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің бастығы болған.

2004-2005 жылдары Алматы бойынша ақпарат басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2005-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директор орынбасары және директоры болған.

2010-2014 жылдары Балаева елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2014-2019 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2019-2020 жылдары – Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігінде өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастығы болған.

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келеді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 10:23