AI және пост-шындық дәуіріндегі беделді басқару: Алматыда 21-ші PR-Форум өтті

2025 жылдың 16 мамырында Алматы қаласында 21-ші Халықаралық PR-Форум өтті. Бұл жиын — 20 жылдан астам уақыт бойы PR саласының мамандары, стратегиялық коммуникаторлар, маркетологтар, бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар, медиа және digital индустрия өкілдері бас қосатын дәстүрлі кәсіби алаң. Форумды биыл да "PR-шы" клубы мен PG Communications агенттігі ұйымдастырды.
Форум бедел капиталын қорғау мен басқарудағы қазіргі сын-қатерлерге арналған пікірталастан басталды. Қатысушылар репутацияны басқарудағы жергілікті және жаһандық трендтерді, сондай-ақ медиа кеңістіктің өзгеруіне байланысты репутациялық зерттеулер нарығының қалай трансформацияланып жатқанын талқылады.

"Бүгінгі PR-маман — бұл коммуникациялық міндеттер мен жеке көзқарастар арасында үнемі тепе-теңдікті сақтауға тырысатын кәсіби тұлға. Қазіргі кезде адамдар фактілерді өздерінің құндылық жүйесіне сай қабылдайды, сол себепті тексерілген ақпараттың өзі әртүрлі реакция тудыруы мүмкін. Осындай күрделі жағдайда нарық тек коммуникацияны ғана емес, аналитикалық және басқарушылық дағдыларды да меңгерген нағыз PR-кәсіпқойларға мұқтаж", — деп атап өтті Қазақстан Баспасөз клубы мен PG Communications коммуникациялық тобының президенті Әсел Караулова.
Форум стратегиялық коммуникациялар саласындағы жаңа қауіп — цифрлық ортадағы дезинформация тақырыбын талқылаумен жалғасты. Сарапшылар жалған ақпараттың интернет арқылы қалай таралатынын, қандай технологиялар қолданылатынын және киберқауіптерге қарсы күресте коммуникация құралдарын қалай пайдалануға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, "инфорэкет" ұғымы мен оның салдары туралы сөз қозғалды. Қатысушылар дағдарыстан кейінгі коммуникациялық стратегияларды құру жөнінде өз ұсыныстарымен бөлісті.

Форум бағдарламасына сондай-ақ, PR мамандары үшін үнемі өзектілігін жоғалтпайтын тақырыптар енгізілді: орнықты даму және ESG-күн тәртібі, ішкі коммуникациялар, компания басшылығымен өзара қарым-қатынас және жасанды интеллекттің мамандық болашағындағы рөлі.
Форум аясында дәстүрлі "БЕДЕЛ" корпоративтік медиа байқауының жеңімпаздары марапатталды. 2024 жылдың "Жылдың үздік корпоративтік медиасы" атауының бас жүлдесіне тағы да WOOPPAY компаниясының Шоу Рау журналы иеленді. Жеңімпаздар қатарында:
• OUTSTANDING OUTREACH – Үздік сыртқы корпоративтік газет/журнал: JUSAN Bank, Ösim жобасы
• BAILANYS – Үздік ішкі корпоративтік журнал (баспа/онлайн): WOOPPAY, Шоу Рау журналы
• INTERNAL DIGITAL MEDIA – Үздік ішкі digital-медиа: "Еуразиялық Топ" ЖШС, qollab ішкі сервисі
• EXTERNAL DIGITAL MEDIA – Үздік сыртқы digital-медиа: JUSAN Bank, Ösim Telegram-арнасы
• LIKETIME – Әлеуметтік желідегі үздік корпоративтік парақша: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі, TikTok РСК Алматы жобасы
• МЕДИАФЛАГМАН ОТРАСЛИ – Салалық үздік медиа: HR Media жобасы
• АГЕНТ ВЛИЯНИЯ – Әлеуметтік желідегі үздік ішкі мансаптық парақша: "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС, Kazakhmys.news жобасы
• ДА ЗДРАВСТВУЕТ КОНТЕНТ! – Үздік контент: Еуразиялық Топ, Магнетит жобасы
• КРЕАТИВ ГОДА – Үздік дизайн: "Еуразиялық Топ" ЖШС, ERG корпоративтік журналы

Сонымен қатар, форум аясында 2025 жылғы PR және коммуникация саласындағы үздік мамандарды анықтаған Best PR Practice байқауының алғашқы жеңімпаздары марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар атанды:
• Анастасия Тарасова, АРТиШОК театры — мәдениет саласындағы үздік PR-тәжірибелер
• Майя Леонова, Alina Group — корпоративтік сектордағы үздік PR-тәжірибелер
• Әсел Қужахметова, Sergek Group — IT және телекоммуникация саласындағы үздік PR-тәжірибелер
• Сергей Чикин, Еуразия сақтандыру компаниясы — қаржы секторындағы үздік PR-тәжірибелер
• Жібек Абдикерим, Amiran — FMCG секторындағы үздік PR-тәжірибелер
• Динара Бірмағанбетова, Gedeon Richter — фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы үздік PR-тәжірибелер

21-ші Халықаралық PR-Форумның бас серіктесі — Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясы. Форумның басқа серіктестері: "AstanaMotors", "Carlsberg Қазақстан", "Банк ЦентрКредит", ALTEL брендімен "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС, Air Astana әуе компаниясы, "AYALA" жеке қайырымдылық қоры және AlmaU университетінің Медиа және кино мектебі. Іс-шара Халықаралық PR қауымдастығы (ICCO), Ұлттық PR қауымдастығы (НАСО) және PR Alliance.kz кәсіби қоғамдастығының қолдауымен өтті.
Форумның ақпараттық серіктестері: Қазақстан Баспасөз клубы, "PR drive" онлайн-басылымы, Zakon.kz, BES.media, Stan.kz, Naryk.kz, Bizmedia порталдары және Nabroski.kz коммуникациялық агенттігі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік