Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді
Оқушыларға пәнді ағылшын тілінде үйрететін мұғалімдердің жалақасына базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ын құрайтын үстеме қосылады, деп мәлімет берді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова үкіметтегі баспасөз мәслихатынан соң.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.
“Тиісті қағидалар бар. Егер мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілін меңгеріп, жоғары сыныптарда, мәселен, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде жүргізсе, қосымша ақы төленеді. Базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ы, яғни жалақысына 35 мың теңгедей қосылады”, — деді Асылова.
Бүгінде оның сөзіне сүйенсек, ағылшын тілінде сабақ бере алатын мұғалімдердің нақты саны жөнінде мәлімет жоқ.
“Біз деректер жинап жатырмыз, себебі ағылшын тілінде білім алған ЖОО түлектері бар. Қыркүйек айы басталғанда тізім жасалып, нақты ақпаратты ұсына аламыз”, — деп атап өтті вице-министр.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Ерлан Сағадиев биылғы оқу жылынан бастап тәжірибе жүзінде 500 сынып өз ықтиярымен ағылшын тілінде білім алатын болады.
Оқи отырыңыз:
Ұшақ апатында қайтыс болған жігіттің әйелі бір айдан кейін босанғалы отыр
Астанада түрік актерлерімен өткен кездесуде күзет шақыруға тура келді (фото)
ШҚО-да 61 жастағы азамат үйінде ұзақ отырып қалған қонақты пышақтап тастаған