Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ағайынды төртеу» немен айналысты: бандалық топ құрамында 300-ге жуық адам болған

Ақтөбеге жеткізілген Еркін Ізбасаров «Ағайынды төртеу» тобын бірнеше жылдан бері басқарып келеді. Бұл Қазақстандағы ең ірі әрі қатігездігімен танымал топ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

2_720x529

Өз заманынан бері бандалық топтағы адам саны 300-ге жеткен. Топтың негізі мақсаты – есірткі мен мұнай нарығын бақылау.

Ұйымдасқан қылмыстық топ өзге де салаларға белсене араласқан. Мәселен, автотұрақтарын бақылауда ұстап, Қытай-Қазақстан шекарасы арқылы контрабандалық тауар тасымалдап отарған. Отандық шоу-бизнес әлемінде де салтанат құрған. «Ағайынды төртеу» тобын негізінен төрт адам басқарған. Алайда, олар туған ағайындылар емес. Олардың есімдері – Құрман, Қайрат, Серік және Еркін. Еркін Ізбасар спорт меценаты ретінде танымал. Ол омыртқасынан жарақат алып, мүгедек арбасына таңылған. Бірнеше жыл бұрын «Ағайынды төртеу» тобы атауын өзгертіп «Айшуақ-Жантүгел» деп аталған. Ол кезде топты Руслан, Оралхан, Аухат есімді азаматтар басқарған.

Бұған дейін Ақтөбеде арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек жағдайға қатысты ҰҚК түсініктеме де берген. Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған. Ол спортшыларға демеуші болып келген.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жоғалған курсанттың полициядан әдейі қашып жүргені айтылды

Ағылшын азаматы әйеліне Головкиннің шапанын сыйлады

Талдықорған тұрғыны 10 мың теңгеге сауда жасап көлік ұтып алды

Ақтөбедегі балабақшада үш жасар сәбидің ерні жырылып тісі сынған

Талқылау