АЭС құрылысы: "Росатом" Үлкен ауылында алдын ала жұмыстарды бастады
Фото: Istock.com
"Росатом" компаниясы Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында салынатын болашақ атом электр станциясының орнында жобалау-зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта тереңдігі 30-дан 150 метрге дейінгі әртүрлі 70-тен астам ұңғыма бұрғыланған. Алынған топырақ үлгілері зертханаға жіберілген.
Сонымен қатар алдын ала сейсмикалық және картографиялық жұмыстар жүргізілді. Барлық жиналған деректер жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) енгізіледі.
"МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) стандарттарына сәйкес, егжей-тегжейлі инженерлік және жобалық құжаттамаға дейін шамамен 18 ай бойы алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңде стансаның нақты орналасу координаттары анықталады. Сондай-ақ негізгі инженерлік инфрақұрылымды жеткізу, жұмысшыларға арналған кент салу және қазақстандық қамту (жобада пайдаланылатын қазақстандық өндірістегі жабдықтардың үлесі) мәселелері жобалық құжаттамаға енгізіледі", - деді Сәтқалиев Ақордада кулуарда.
Оның айтуынша, АЭС-тің нақты орналасу орны әлі анықталған жоқ, инженерлік зерттеулердің қорытындысы бойынша белгіленеді.
2025 жылдың ақпанында Қазақстанда АЭС салынатын жер Алматы облысы Жамбыл ауданы болып ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жамбыл ауданында орналасқан Үлкен ауылы бұған дейін АЭС салынуы мүмкін негізгі орындардың бірі ретінде аталған болатын.
2024 жылдың қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорының қатысуымен атом саласын дамытудың ұзақмерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ол заманауи әрі қауіпсіз технологияларды таңдау үшін барлық нұсқаларды жан-жақты талдау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы сонымен қатар Үкімет пен Парламенттен екінші АЭС салу орны бойынша ұсыныстар күтетінін айтты. Сол кезде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші станцияны біріншімен қатар салу мүмкін екенін айтқан болатын.
Жақында вице-премьер Роман Скляр Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Бұл тұралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді