Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты

Бақытбек Есентаевтың адвокаты өзі қорғап отырған айыптының неліктен жауыздық әрекетке барғанын айтып берді.

d3a4cfcd-3d5d-4400-be22-78d8561b9a3b

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Бекболат Жексейітовтың айтуынша, танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі отбасын сақтағысы келеді және қазір өз ісіне өкініп отыр екен.

“Ол өзінің келіншегіне моральдық және физикалық шығын келтіргені үшін өкініп отыр. Ол Баянды өлтіргісі келмеген, тек оны өз отбасында сақтағысы келген. Сол себепті осындай қадамға барған. Есентаева күйеуінің рұқсатынсыз шетелге кетіп қалған. Ал ол өз кезегінде бұл әрекетке ренжіп қызғаныш танытқан. Сірә, Баян ажырасу туралы ой айтса керек. Ал Бақытбек отбасының ажырағанын қаламаған. Күйеуінің бұл қалауына ол болса келіспеген, сөйтіп қатты ұрыс кезінде абайсызда пышақ салып алады. Әрине, ол қатты өкінеді. Өйткені, ол қанша дегенмен екі қызының анасы”, – дейді Бекболат Жексейітов.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

Талқылау