ADTribune-2025: Алматыда жарнама және медиа саласындағы басты тақырыптар талқыланатын конференция өтеді
5 маусымда Алматыда Орталық Азия Жарнама қауымдастығы (ОАЖҚ) ұйымдастырған VII ADTribune-2025 жарнама-медиа конференциясы өтеді. Бұл ауқымды шара телеарна, радио мен сыртқы жарнама, Digital салаларының жетекші мамандарын, маркетологтар мен бренд өкілдерін бір алаңға жинап, саланың маңызды өзгерістерін талқылауға мүмкіндік береді.
Конференция Орталық Азия Жарнама қауымдастығының сарапшылар кеңесі дайындаған “2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған медиа-нарыққа шолуы” бейнематериалымен ашылады. Одан кейін қатысушыларды керемет бағдарлама күтеді:
• Шарада алғаш рет радиоаудиторияға жүргізілген талдаулар мен коммуникациялық арнаны тиімді пайдалануға арналған ұсыныстары бар радио-блок ұсынылады;
• Телеарна блогы пікірталас панелінен басталады. Онда телеарна өкілдері, селлерлер, жарнама агенттіктері мен жарнама берушілермен тележарнаманың болашағын талқылайды. Одан кейін қатысушылар алдағы күзгі маусымдағы ең жарқын жобаларға интеграция мүмкіндіктерімен, цифрлық ортада орналастырудың жаңа тәсілдерімен танысады;
• Сыртқы жарнама бөлімі трендтік аналитикамен ашылады. Ол сегменттің түрлену үдерістеріне шолу жасайды. Бұдан кейін Programmatic және O2O кампанияларын қолданудың (онлайннан офлайнға) өзекті кейстері көрсетіледі;
• Жергілікті медиа арналарына арналған бөлімнің қорытындысында қатысушылар дәстүрлі медианы цифрлық құралдармен ұштастырып тиімді пайдалану мысалдарымен танысады;
• Ал Digital-блок цифрлық жарнама нарығына жасалған шолумен басталады. Кейін сарапшылар видеожарнама мен іздеу жүйелерінде халықаралық платформаларда тиімді орналастыру стратегиялары, performance-кампанияларды оңтайландыру тәсілдері, сондай-ақ Қазақстандағы инфлюенс-маркетинг нарығы бойынша біле алады.
• Ал HR-блок бұл жолы Z ұрпағымен жұмыс істеуге арналған практикалық ұсыныстарға арналады.
Осылайша, бір күннің ішінде қатысушылар өзекті ақпараттың толық жиынтығын алады: табысты кампания үлгілері, тәжірибелік түсініктер мен медианарықтың даму болжамдары, сондай-ақ қазіргі сәтте қолдануға болатын мүмкіндіктер, құралдар мен тиімді тәсілдер ұсынылады.
Конференция жазғы террасада өтетін бейресми нетворкинг-сессиямен және еркін әңгімелесумен аяқталады.
Тіркелу және толық ақпарат алу үшін ресми сайтқа кіріңіз.
ADTribune 2025 бас серіктесі – Forte
ADTribune 2025-тің ресми серіктесі – Қазақстандағы Google Ads-тің ресми реселлері Admixer Media. Серіктес – Birge TV. Іс-шара серіктесі – EZ Solutions.
Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, Zakon.kz, Optimism.kz, BES.media, Marcom club, Marketing.uz, BIZMedia, Qazaqpress, Exclusive.kz, WE Project, Digital Business, Stan.kz, PRoom, Капитал.кз.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
