Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы Кай Хавертцпен не туралы сөйлескені белгілі болды

Әділет СадыбековФото:”Қайрат” фк

Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы  Кай Хавертцпен  не туралы сөйлескені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының соңғы турында атақты "Арсенал" командасына қарсы матч өткізіп, 3:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Дәл осы ойында “Қайрат” командасының футболшысы Әділет Садыбеков пен Кай Хавертц арасындағы алаңдағы әңгіме жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылығын оятты.

Әсіресе Әділет Садыбековтің ағылшын тілінде еркін сөйлегені көпшіліктің ризашылығын тудырды.

Кейін Әділет Садыбеков екі футболшының арасында қандай әңгіме болғанын айтып берді.

"Арсенал" командасына қарсы ойында Кай Хавертцпен қысқа әңгіме болды. Негізі қарапайым футбол туралы, ойын барысы жайлы сөйлестік. Бір-бірімізге сәттілік тіледік. Ерекше құпия әңгіме болған жоқ, жай ғана кәсіби ойыншылар арасындағы диалог”, – деді Әділет Садыбеков.

Айта кетейік, Әділет Садыбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Брюгге" командасына қарсы ойында гол соқты.


Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков


Осылайша ол Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақстандық футболшы атанды

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 23:41