Әдемінің ұятсыз фильмге түскенін білген Вальтер махаббатынан бас тартты
Біраз уақыт бұрын әнші Әдеміге ғашық болып қалған итальяндық өнерпаз Вальтер Риччи оған үйлену туралы ұсыныс жасаған еді. Алайда жуырда Әдемінің ұятсыз көріністері бар фильмге түсіп жатқанын білген Вальтер махаббатынан бас тартқан көрінеді.
Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.
Әдемі мен Вальтер “Жаңа толқын-2016” байқауынан таныс. Қос өнерпаз ән бәйгесінде дуэт айтқан болатын. Вальтердің Әдеміге деген махаббаты дәл осы кезде оянған.
Жуырда итальяндық әнші Әдеміге жүрегін ұсынды. Ал Вальтердің ата-анасы танысу үшін Әдеміні Италияға шақырған болатын. Одан бөлек, қос әнші бірігіп бейнебаян түсіруді жоспарлаған.
Әдемі жақын арада бейнебаян түсіру мақсатында Италияға аттанбақ. Алайда ол Вальтердің ата-анасымен кездесетінін не кездеспейтінін білмей отыр.
“Келесі бейнебаянымды Италияда түсіремін. Сәуір айының соңы не мамырдың басы болуы мүмкін.
Мен оның ата-анасымен кездесетінімді білмеймін. Өйткені қарым-қатынасымыз бұзылды”, – дейді Әдемі.
Оның себебін әнші былай түсіндірді:
“Қандай кино деп сұрады? Шынымды айттым. Ол үшін бұл таңғаларлық жағдай болды. Бәлкім қандай да бір сезімге ұласуы мүмкін деді.
Бірақ түсірілім міндетті түрде болады. Өйткені бейнебаянды жоспарлап қойғанбыз”, – деп түсіндірді Әдемі.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Әдемінің төсек қатынасын көрсететін ұятсыз фильмге түскенін жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Ренат Басит фильмге сын айтқан атақты жазушыны танымай ұятқа қалды
Әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырады
Асхат Тарғынның тойындағы қонақтарды екі тамада әрең игерді (фото,видео)
Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады