Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдемі: Тұрмысқа шығамын деп сахнадан бас тартқаныма өкінемін

“Жас толқын-2015” байқауында еліміздің намысын қорғап, екінші орынды иеленген ақтаулық әнші Әдемі тұрмысқа шығамын деп шығармашылығын тастап кеткені үшін өкінетінін, бір кездері осы шығармашылығына бола мектепте алтын белгі иегері атана алмай қалғанын  “Lada.kz” тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

image

Фото: ztb.kz

Әнші Дина Қайырова өзінің шығармашылық мансабын Ақтау қаласынан бастаған. “Кемпірқосақ” балалар студиясында “Тенериф” тобының солисі болған. Кейін әріптесі Айнұр Жұмағалиевамен “АйДи” атты дуэт құрып, халықаралық “Жұлдызың сөнбесін” байқауына қатысады. Мәскеу қаласында өткен байқауда бас жүлдені иеленеді. Мұнымен қатар, алғашқы “SuperStar KZ” жобасының финалисі атанады.

Алматы қаласында оқуын тәмамдап, “Indigo” тобының құрамында ән салады. Қазір әнші жеке өнер көрсетіп жүр. 2002 жылы Әдемі мәдениет саласында атқарған ерен еңбегі үшін “Дарын” сыйлығының иегері атанған.

Үнемі күлімсіреп, жылы жүзімен тыңдармандарын жаулайтын әнші бала күнінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты көптеген қиыншылық көрген.

“Мен анам Ақтауда дүние келген, ал әкем Талдықорған қаласының тумасы. Кеңес Өкіметі құлаған соң өзге отбасылар секілді біз де қиындықтарға тап болдық. Талдықорғандағы біз тұратын үйде жарық пен газды өшіріп тастайтын кездер болды. Мұндайға шыдамаған әке-шешем 1992 жылы Ақтауға көшу туралы шешім қабылдайды. Мұнда мен №7 мектептің 4 сыныбына түстім. Мектебімнің мақтанышы болып, сабағымды тек бес деген бағаға оқыдым. Бірақ, өкінішіме орай, алтын белгі иегері атана алмадым. Бұған өзім жиі баратын музыкалық байқаулар себеп болды. Ал сыныптастарым сенбей, мұғалімдер маған бағаны көтермелеп қояды деп ойлайтын”, – деп әнші мектеп кезінде сыныптастары ата-анасының алдында экзамен тапсыруға мәжбүр болғанын айтты.

12816980_764699943660961_1064588489_n

Фото: instagram.com/ademi_official/

Әдемінің түрлі музыкалық байқауға қатысуына ата-анасы еш қарсылық танытпаған. Тек байқауларға бармас бұрын, өзіне берілген үй тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс деген шарт қойған.
Әншінің шын есімі – Динара Ділдебаева. Тұрмысқа шыққан соң тегін Қайырова деп өзгерткен. Динара мен Дина сынды есімдер ұнамағандықтан, өнерге Әдемі деген лақап атпен келген.

– Сіз ұл өсіріп отырсыз. Әдетте өнер саласында жүрген әйел адамдар өздерін балаларының алдында кінәлі сезінетіндіктерін айтады. Сізде мұндай сезім бар ма?

– Иә, әрине. Бірақ, мен сіздерге өмірімнің есте қаларлық бір кезеңі туралы айтып берейін. Жүктілік кезінде бір аяғым істемей қалып, жеті ай бойы ем алдым. Мен бойымыздан табылған әр аурудың себебі бар деп ойлаймын. Сол сәттен бастап маған үйде отыруға болмайтынын түсіндім. Десе де, тұрмысқа шыққан соң ән айтуды қойып, үй шаруасымен айналыстым. Бұл – менің қате шешімім болды. Бұлай істемеуім керек еді. Ән салуды үйренсем деп армандайтын адамдар бар. Ал мен болсам, өзіме осындай бақтың бұйырғанына қарамастан, өнерден алыстап кеттім. Мен емделіп, сәбиімді аман-есен босандым және жұмысқа шықтым. Үйде отыра берсем, жан-жақты жетілмейтінімді түсіндім. Мысалы, күйеуіңіз үйге келген соң өзінің жұмыс күні туралы айтып берді делік. Ал мен оның не туралы айтып жатқанын да түсінбеймін. Күні бойы бір жөргектің екіншісінен жақсы екенін ғана байқауым мүмкін. (Күлді). Дәл қазір  баламды Ақтауға білім алу үшін алып келдім, – дейді әнші.

12783497_247043295638111_1513832294_n

Әнші жолдасымен ажырасқан соң сахнаға қайтып оралған. Өзінің айтуынша, қазір жүрегін жаулаған азамат жоқ.

“Мінезім өте қатты әйелмін. Ол менен айтарлықтай мықты болуы тиіс, әйтпесе мен оны қатты мінезіммен-ақ басып тастауым мүмкін. Біз барлығымыз әдемі өмір сүріп, балаларымыз бақытты балалық шақты басынан өткерсе екен дейміз. Өзім бала күнімде аш жүрдім деп айтудан аулақпын. Жоқ. Бар болғаны қазіргі жастар жақсырақ өмір сүргісі келеді. Бұлары да орынды. Бәрінен де, жаныңдағы ер адамның бір орында тұрып, өзін дамытуға тырыспайтыны жаман”, – деп Әдемі әлі де өз адамын жолықтырып жатса, отбасын құруға қарсы еместігін айтып өтті.

Әнші ағымдағы жылдың шілде айында өзінің 30 жылдық мерейтойына арнап альбом шығармақ. Ресейліктер тарапынан ұсыныстар түскен екен. Алайда мұндай өзгеріске дайын еместігін байқаған әнші бас тартқан. Мұнымен қатар, келер жылы өзін депутаттыққа ұсынбақ.


Оқи отырыңыз:

Жазира: Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қалады

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Керімбекова: Екі үй саламын деп киім де алмай, жылаған күндерім болды

Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым

Әсел Сәдуақасова: Отыздан ассам да, отырып қаламын деп қорықпаймын

Талқылау