Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзат тарихындағы алғашқы ұшақ құрастырушы мен ұшқыш Отырардан шыққан

Адамзат тарихында ең алғашқы ұшақ пен ұшқыштың прототипі болған Исмаиль аль-Джаухари Ежелгі Қазақстаннан шыққан. Ол 1002 жылы Иранның Нишапур қаласында қанаты мен құйрығы бар ұшақтың құрылымын жасаған.

c8579f0be0f55e226ba6d78865e9054f

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Блогер Асқар Көпбаев Отырар қаласының тумасы Исмаил аль Джаухаридің еңбегін айтып, оған назар аударуға шақырады. Исмаил аль Джаухари араб елдеріне құрметке ие. Өйткені ол ұшатын құралды ғана жасап қоймай, алғашқы араб сөздігін жазған.

c9827ea630c02ceef09e74095d0bf6fc

Исмаил аль Джаухари Отырар қаласында өмірге келген. Кейіннен Нишапур қаласына көшіп кеткен. Ол кезде екі қала да Хорезм мемлекетінің қарамағында болған. Исмаил аль Джаухари Аббас ибн Фирнастың 852 жылы жасаған ұшқышын одан әрі дамыта түскісі келеді. Аббас ибн Фирнас қанаты мен мойыннан құрылған құрылғымен Кордовадағы ұлы мешіттен секіріп көрген. Кейіннен Ливияда да осылай жасап, аспанда 10 минуттай қалықтап тұруға болатынына көз жеткізеді. Алайда, жерге түскенде ауыр жарақат алады. Сондықтан, ол ұшаққа құйрық жасау керегін ойлайды. Алайда, оны жасауға үлгермей, өмірден өткен.

24653bd8258461285d5d84d1b76ff81e

Исмаил аль Джаухари осы істі қолға алып құрылғыға құйрық жасап, Хорасанда ұшып көреді.

Қайғылы оқиға орын алар күні таңертең Джаухари өзінің атақты еңбегі 40 мың сөзді араб сөздігін аяқтаған болатын. Одан соң ол минаретпен Нишапурдағы мешіттен секірген. Алайда, құрылғы жел салдаранан сынып қалған. Сөйтіп, адамзат тарихындағы ең алғашқы ұшқыш көз жұмды.

74c2e415e407b14e745f5d768ebe216f

Одан кейін Исмаилдің ісін жалғастырушылар табылған жоқ. Ал, Отырардан шыққан алғашқы ұшқыш ағайынды Райттардан 800 жылға озып кеткен. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ағайынды Райттар қазіргі ұшақтың жобасын жасағанда аль Джаухаридың сызбасын пайдаланған көрінеді.

037d42f8a2ed870fb72c6ba3e72a2aef

Қазір Бағдадтағы әуежай Фирнас атымен аталады. Ал, Кордовада оған ескерткіш қойылған. Өкінішке қарай, оның ізін жалғастырушы Исмаил аль Джаухари жайлы қазақстандықтарға еш мәлімет айтылмайды. Икар секілді аңыз кейіпері емес, өмірде болған алғашқы ұшқыш жайлы қазақстандық оқулықтарда да жазылған емес.

Алан Исаев

Талқылау