Адамзат тарихында алғаш рет хиджаб киген қуыршақтар пайда болды (фото)
Mattel компаниясы хиджаб киген қуыршақ жасап шығарды. 58 жылда алғаш рет барбидың шашы хиджаб астына жасырылды. Аталған идея 31 жастағы америкалық қылыштасу спортының шебері Ибтихадж Мұхаммедке тиесілі. Ол 2016 жылы Олимпиада ойындарына алғаш рет хиджабпен қатысқан болатын.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ибтихадждың өзіне ұқсайтын қуыршақтар “Шеро” топтамасына енген. Бұрын-соңды аталған қуыршақтардың прототипі Эшли Грэм, Зендая, Кристин Ченоуэт, Габриэль Дуглас, Эмми Россум, Триша Йервуд сынды әйелдер болатын.
“Mattel коммпаниясына маған ұқсаған қуыршақтар жасап шығарғанына ризашылығымды айтамын. Бұл кішігірім туындылар әйелдерге шабыт сыйлайды деген үміттемін. Осы қуыршақтардың прототипі болып жүрген әйелдердің қатарына қосылғаныма ерекше ризамын. Енді қыздардың хиджаб киген барбилермен ойнайтынына да қуанып тұрмын. Менің бала күнгі арманым орындалды”, – дейді Ибтихадж Мұхаммед.
Қуыршақтарды жасау кезінде бетіндегі бояуына де ерекше мән берілген екен. Яғни қуыршақтарға да Ибтихадж Олимпиада кезінде жасаған макияж түрі таңдалған.
Жіберіп алмаңыз:
Ван Гогтың әйгілі туындысы 81,3 млн долларға сатылды
Қаңғыбас ер адам көшеден 10 мың доллардың түбіртегін тауып алып иесіне қайтарған
Ер адам өзін аңдыған елес баланы суретке түсіріп алды (фото)
Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)