Мүмкіндігі болса, сатып алады — Вице-министр "Қайрат" — "Реал" матчының билет бағасы туралы
Фото: istockphoto.com
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "Қайрат" – "Реал" матчы билеттерінің бағасы қаншалықты әділ деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бұл – нарық. Жанкүйерлер билеттің қымбат екеніне де қарап жатқан жоқ. Меніңше, адамның мүмкіндігі болса, ол сатып алады", – деді Әмрин cенат кулуарында.
Журналистер одан кейін вице-министрден "Алматы стадионының жағдайы осындай бағаға сәйкес келе ме?" деп сұрады. Оның айтуынша, "біздің барлық стадиондар халықаралық стандарттарға сай келеді".
"Егер сай келмесе, онда бұл матч мүлде өтпес еді. Мұндай ойындарды өткізбестен бұрын стадионның сол стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде тексереді. Егер сәйкес болмаса, матч та болмайды", – деді ол.
"Сіздің ойыңызша "Реал" мен "Қайраттың" қайсысы жеңуі мүмкін деген сұраққа Әмрин "Әрқашан ғажайып болуы мүмкін" деп жауап берді.
Еске сала кетейік, алматылық клубтың мадридтік "Реалға" қарсы өтетін матчына билет сату 23 қыркүйекте басталды. Баға 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді.
Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі "Қайрат" – "Реал" матчының билет сату саясатына араласа алмайтынын мәлімдеді.
Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін алыпсатарлар "Қайрат" пен "Реал" матчына билеттерді екі есе қымбат бағаға сатқаны туралы жазған едік.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
