Адамдардың миы TikTok пен Reels көргеннен шіріп жатыр – Зерттеу
Бірнеше апта бұрын Оксфорд университеті жыл сөзі ретінде brain rot (ми шірігі) тіркесін жариялады. Бұл сөз тіркесі көп адамды ойландырды. Десе де америкалық нейробиолог Fox News телеарнасында бұл жұмбақтың шешімін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Нейробиологтың айтуынша, миымызда хабенула деп аталатын шағын, бірақ маңызды аймақ бар. Мидың бұл бөлігі шешім қабылдау және мотивация сияқты маңызды дүниелерге жауап береді. Тіпті ол мотивацияны қосып, өшіре алады. Хабенула әлеуметтік желілердегі алаңдаушылық пен негативтен шаршап, құтылғыңыз келген кезде іске қосылады. Нәтижесінде адамның бұл күйден шығуы қиын. Өйткені хабенула мотивацияны өшіріп тастайды.
Адам пайдалы іспен айналысу керегін біледі, бірақ әлеуметтік желідегі видеодан бас ала алмай отырғандағы күйге хабенула жауап береді. Салдарынан есте сақтау қабілеті нашарлайды. Адам зейінін де, өмір сүруге деген құлшынысын да жоғалтады. Осылайша ми "шіриді".
Бұған дейін 2024 жылдың сөзі анықталғаны туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"