Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар сәл артық кетеді деп ойладым": Трамп баж салығын көтермей тоқтата тұру шешіміне неге келгенін түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің көптеген елдеріне жаңа импорттық баж салығын көтеруді тоқтата тұратынын мәлімдеген еді. Президент не үшін мұндай шешімге келгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Shutterstock

Трамп бұл шешімді 9 сәуірде қабылдағанын алға тартты. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде заңгерлермен кеңеспей, 90 күнге жоғары баж салығын енгізуді тоқтататыны туралы жазған.

"Соңғы бірнеше күнде бұл туралы көп ойландым. Бұл біз белгілі бір уақыт аралығында айтқан нәрсе болды. Енді төмендету батырмасын басамыз деп шештік. Біз триггерді тартуды шештік және осы шешімге бүгін келіп отырмыз. Бұған қуаныштымыз", — деді Трамп. 



Сонымен қатар ол сауда соғысын бастау туралы шешімді дұрыс деп санайтынын атап өтті.

"Адамдар сәл артық кетеді деп ойладым. Ал қазір олар сеніп, аздап қорқа бастады. Мұның қалай жұмыс істейтінін көрейік. Менің ойымша, керемет болады", – деп қосты Трамп.

Еске салсақ, Трамп шетелдік тауарларға тариф енгізуді кейінге қалдырғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау