Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсаналы түрде жасап, өміріміздің күл-талқанынын шығаратын ең маңызды 4 әрекет қандай?  

Өмірге деген құштарлығыңызды жоғалтып, үмітсіз күн кешпес үшін адамдардың өмірін бұзатын 4 жағдай жөнінде білгеніңіз жөн.

1. Өмірлік серік таңдағанда қателесу арқылы өз өмірімізді өзіміз талқандаймыз.

Адамдар жалғыз қалуға қорыққандықтан, өмірлік серігін табуға және бас қосуға асығады. Десе де мұндай асығыстықтың опық жегізуі де мүмкін. Сондықтан өмірді және өміріңіздегі жағдайларды асықтармағаныңыз жөн. Ол үшін жалғыз қалып, қазіргі өміріңіз бен өткеніңізді салыстырып, ой тоқтатыңыз. Адам жалғыз қалғанда ғана жан-дүниесінде болып жатқан жайларды саралап, өмірден нені қалайтынын ұғына алады. Өз кезегінде ол үйлесімділікке алып келеді.

2. Сезімімізді дұрыс жеткізе алмағандықтан өміріміздің мәні жоғалуы мүмкін.

Өмірде түрлі ауыр сәттерді бастан өткергендіктен, біз іштей тұйықталып қаламыз. Сондықтан өзге адамдар арасында, бейтаныс адамдармен жолыққанда ұстамдылық танытып, артық сөз айтып қоймауға тырысамыз. Тіпті жақын адамдарымызға деген сезімізді де жеткізуден қорқатын сәттер болады. Оған қоса өз сезімін білдіруді әлсіздік санайтын адамдар да жоқ емес. Алайда бұл өзінің жан-дүниесін адамдарға айқара ашуға қорқатын адамдардың пікірі. Адам жанындағыларға ойын, сезімін ашық айтқанда өзін жеңіл сезінеді. Ал жақынымызға оның өміріміздегі орынын, шынайы көңілімізді білдірген кездегі сезім тіптен бөлек. Сондықтан адамдарға ашық болудан қоырқпаңыз. Ғашық болыңыз! Ол ерлік пен батылдықты қажет етеді. Есесіне соңында талпынысыңыздың  мұндай ерлікке тұрарлық екенін түсінесіз.

3. Өзгелерді кешіріп, ренішімізді ұмыта алмағандықтан, өміріміз сұрықсыз көрінеді. 

Біздің өмірімізде айтпақ түгілі, есімізге алғымыз да келмейтін жағдайлар орын алып жатады. Бірақ сынақтан өтпейтін, басына сын түспейтін адам жоқ. Сондықтан жағымсыз жайларға өміріңізді құртып, бағаңызды түсіруіне жол бермеңіз.

Ал өкпе-реніштен арыла алмаған адам өміріндегі тамаша сәттерді аңдай алмайды. Салдарынан өзін лайықсыз сезінгендіктен, мансабындағы маңызды мүмкіндіктен, сүйіктісінен бас тартады. Өкпе-реніштің әкеліп тірейтін тұйығы осы.

Ал мұндай күйден арылу үшін, кеудеңіздегі өкпе-ренішті ұмытыңыз. Өзгелерге шағымдануды, өзіңізді мүсіркеуді доғарыңыз. Өткеніңізді өткен күннің есебінде қалдырыңыз. Нақты шешім қабылдап, нық қадам жасай біліңіз. Өз тағдырыңызға өзіңіз ие екеніңізді сезініңіз.

4. Өзімізді үнемі өзгелермен салыстыру арқылы өміріміздің шырқын бұзамыз. 

Біз өзіміздің бойымыздағы ең жаман қасиетті өзгенің жақсы қасиетімен салыстырамыз. Салыстыру арқылы, тапқанымыздан, жоғалтқанымыз мол болады. Ал мұндай әдетке бой алдырсақ, жаңа табыстарыңыздың өзі көңіліңізге демеу бола алмайды. Себебі өзімізді тағы қандай адамдармен салыстыруға болатынын іздеп тұрамыз. Бұл мәңгілікке жалғаса беретін әрекет. Өзімізді өзге адаммен салыстыру арқылы біз өзіміздің бйоымызға жиылуы тиіс қуатты сол адамға жұмсаймыз. Тіпті, өзін өзгемен салыстыру адамды қуаныш сезімінен де айырады. Бұл ретте әр адамның ерекше және оларды бір-бірімен салыстыру әділетсіздік екенін ескергеніңіз абзал.

Егер сізге мұндай жағдай мен уайым таныс болса, төмендегі кеңеске құлақ асып көріңіз.

1. Өз табыстарыңды ескеру. Суретші, ақын, мейлі, музыкант болыңыз, бастысы кім болсаңыз да өзіңіздің жеке тәжірибеңіз бен көзқарасыңыз барын ұмытпаңыз. Сіздің бойыңыздан әлемге жылу мен жақсылық сыйлауға қажеттінің бәрі табылады. Өзіңіздің жетістіктеріңіз бен табыстарыңызды естен шығармаңыз. Олар сізді кез-келген сәтте ынталандыра алады.

2. Адамның бәрі мінсіз емес екенін жиі еске алыңыз. Жер бетінде алаңсыз, уайымсыз адам жоқ. Кедергілерден өтпестен жетістікке жету мүмкін емес. Өзіңізден жүз есе табысты адаммен өзіңізді салыстыруды ойға алғанда, дәл осыны еске алыңыз. Ол адамның мұндай жетістікке жету жолында қаншама тер төккенін ескеріңіз.

3. Өзіңізге шабыт беретін дүниелерді іздеңіз. Өзгелердің игі әрекетінен үлгі алып, шабыттану – даналық. Өзіңіз ерекше құрметтейтін адамдардың өміріне қызығушылық танытып, олар туралы оқып-біліп, шабыттаныңыз.

Бұл орайда тағы да өзіңізді өзгелермен салыстыра бастасаңыз, өзіңізді өзіңізбен салыстырып көріңіз. Біз қазіргі күйімізден әлдеқайда жақсаруға тырысуымыз қажет. Тек өзіміз үшін емес, жақындарымыз үшін де. Өзіңіздің кешегіңіз бен бүгініңізді салыстырыңыз. Бұл күн сайын жеткен жетістіктеріңізді бағалауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз:

Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)

50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

59 жастағы Мадонна жалаңаш түскен суретін жариялады (фото)

Талқылау