Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам ұрлау және активтерді заңсыз иелену: Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істің жаңа деректерін жариялады. Агенттік мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлмира Сатыбалды

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, бірнеше объекті бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

“Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады”, – делінген хабарламада. 



Күдіктілер қамауда, тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген еді. 

Талқылау