Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам сеніңкіремейтін тәсіл": Экология министрі Арал теңізін толтыруға тырысқан "жаңбыр адамның" жобасына пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "жаңбыр адам" Алтай Айнабектің жобасына қатысты пікір білдірді. Айтуынша оның жасағаны адам сеніңкіремейтін тәсіл әрі Аралдағы жаңбыр синоптиктердің болжамы бойынша жауған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Министрлік баспасөз мәслихатында өнертапқыштың жобасына баға берді. 

"Біріншіден, бұл күндері біздің Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жауу керек еді. Мәселен, мынау алғашқы 10 күнге берілген болжам, әркез өте нақты болады. Екіншіден, дүние жүзіндегі осы мәселемен айналысатын ғалымдар да, мекемелер де иондау тәсіліне күмәнмен қарап отыр. Бұл өзі — былай адам сеніңкіремейтін әрі нақты дәлелі жоқ тәсіл. Арал өңіріндегі жаңбыр туралы айтсақ, әрине біз қызығушылық танытып, Қазгидромет мамандарын шақырып қарадық. Синоптик болжамы бойынша сол күндерге жаңбыр белгіленген. Сол себептен дүниежүзіндегі ғалымдардың ұстанымымен айтсақ, бұған көп сене беруге болмайды", — деді Ерлан Нысанбаев.



Еске салсақ, жасанды жаңбыр арқылы Аралды сумен толтырамын деген ғалым процесті қалай жүзеге асыратынын айтып берген еді. 

Талқылау