Басты жаңалықтар
Адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет – Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сессиясында сөйлеген сөзінде құқық қорғау саласында адам саудасына тосқауыл қою мәселесін көтерді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мұндай заңның адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететінін алға тартты. Бұл үдемелі көші-қонның жаһандық және аймақтық процестері жағдайында да өзекті болып табылады.
"Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет.
Заң ұлттық мүдделерімізді ескере отырып ең озық әлемдік тәжірибені қамтуы қажет. Сондықтан оны әзірлеуге отандық сарапшылармен, заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де атсалысуы керек",- деді Тоқаев.
Талқылау

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
Шахризаданың да бауырлары Египеттен келген жездесін жақсы көріп үлгерген

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
Сөзінше, бұл аналық бездің мерзімінен бұрын әлсіреп, сарқылуынан туындайды